Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары лай су ішіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары лай су ішіп отыр

Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары лай су ішіп отыр

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылының тұрғындары сап-сары су ішуге мәжбүр. Бұрын Көңдіқұдық пен Қарақұдықтың жер асты суын пайдаланып келген ауылдықтарға 2006 жылы «Астрахань-Маңғышлақ» құбырынан су тартып берілген болатын. Алайда, соңғы уақыттары судың сапасы нашарлап, түсі лайланып кеткен, деп хабарлады «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы.

  • 27 Шiлде 2016
  • 447
Фото - Caravan.kz


Көпшіліктің пікірінше, бұл — суқоймалардың ластануынан болып отыр. Ауыл тұрғындары мен жауапты тұлғалар жиналып, осы мәселенің себептері мен оны шешудің жан-жақты жолдарын қарастырды. 
«Ауыз су сапасына бұрыннан көңілі толмаған. Алайда, соңғы 10 күн ішінде қатты ластанып кеткен, ішпек түгілі, малға беруге жарамсыз, — дейді Тұщықұдық ауылының тұрғыны Елшат Кемелханов.

Ауылдың ауыз суына «Дария» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жауапты. 2014 жылы «ДВУ-20» қондырғысын орнатыпты. Суды сүзіп беріп отыр. Алайда, соңғы екі жылда резервуар бірде-бір рет тазартылмаған. Судың сарғаю себебі де — осы. Мекеме басшылығы жақын арада су қойманы тазалап беруге уәде етті.
-Біз резервуарды тазалаймыз. Бұрын тазаламаған себебіміз, бұрын судың арнайы мекеме судың қорытындысын таза деп шығарған. Енді біз, біздің үстімізден қарайтын жауапты басшылар қазір мекеме деңгейінде шешіп жатыр. Жақын күндерде келіп тазалаймыз, — деді «Дария» МКК директоры Ырзағұл Дүрісбаев. 
Дегенмен, Тұщықұдық тұрғындары бұл мәселе жыл сайын қайталана ма деп уайымдайды. Суқойма мен сүзгіні тазарту қаржының тапшылығынан ысырылып қалса, жапа шегетін тағы тұрғындар болмақ. Сондықтан, олар бұл мәселені шешудің бірнеше жолын қарастырып, ауыл әкіміне ұсыныс тастады.

Соңғы жаңалықтар