Жарияланды: 480

Маңғыстау облысында кеден қызметкерлері контрабандалық көкөніс тиеген екі жүк көлігін қамауға алды

Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында 11 тамызда "Тәжен" және "Бейнеу" кеден бекеттерінің қызметкерлері контрабандалық көкөніс тиеген екі жүк көлігін қамауға алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Маңғыстау облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бірлескен рейд шараларын жүргізу кезінде "Тәжен" және "Бейнеу" кеден бекеттерінің қызметкерлері Бейнеу ауданының 4-разъезінің маңында мемлекеттік шекарадан 80 шақырым жерде шекарадан заңсыз өткізілген көкөніс тиеген екі жүк көлігін қамауға алды", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Тауар иесі Қазақстан азаматының айтуынша, тәркіленген тауардың жалпы салмағы 20 - 25 тоннаны құрайды. Ал құны шамамен 1,5 млн теңге. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін