Маңғыстау облысында «КезБи» ЖШС 26 жұмысшысы уланып, екеуі көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында «КезБи» ЖШС 26 жұмысшысы уланып, екеуі көз жұмды

Маңғыстау облысында «КезБи» ЖШС 26 жұмысшысы уланып, екеуі көз жұмды

Маңғыстау облысында «КезБи» ЖШС 26 жұмысшысы уланып, екеуі көз жұмды.

  • 29 Қараша 2013
  • 431
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасына Жаңаөзен қаласы орталық қалалық ауруханасына «Белгісіз себептерден улану» диагнозымен адамдар жатқызылғаны туралы ақпарат келіп түскеннен кейін онда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін консультант-дәрігерлер: Маңғыстау облыстық ауруханасының токсиколог-дәрігері, денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас жұқпалы аурулар дәрігері жіберілді.

«Таңертең ерте Астана және Ақтөбе мамандары облыстың денсаулық сақтау басқармасына ақпарат келіп түскен сәттен бастап 10 сағаттың ішінде Ақтау қаласына келіп жетті. Ақтауға Алматы қаласынан Республикалық ғылыми санитарлық эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығының эпидемиолог-дәрігері де келіп жетті. Сол күні таңертең сағат 07:55-те ауруханаға жатқызылғандардың бірі көз жұмды. Одан бұрын өткізіліп жатқан реанимациялық іс-шараларға қарамастан, Жаңаөзен қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне 25 қараша күні «белгісіз себептермен астан болған токсикологиялық инфекция. Белгісіз себептермен улану. III деңгейлі инфекциялық-уланып есеңгіреу» диагнозымен келіп түскен 1976 жылы туған Саламат Бекетаев көз жұмған еді», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Алмабек Бисен.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық ауруханасында 19 науқас, Жаңаөзен орталық қалалық ауруханасында 7 науқас жатыр. 



Жұмысшылардың жаппай улануы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.