Маңғыстау облысында қатты дауылдың салдарын жою үшін аудандық комиссия құрылды
Маңғыстау облысында болған қатты дауылдың салдарын жою үшін аудандық комиссия құрылды, |
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
11 шілде күні Маңғыстау облысында болған қатты дауыл біраз ауылға зардап әкелді. Атап айтқанда, Тұщықұдық ауылында екпіні 25-27 метр/секундқа дейін жеткен қатты желдің салдарынан 24 тұрғын үйдің шатыры, екі электр бағаны зақымданды, телефон желісі жартылай зақымданды.
Қазір электр желісі мен телефон байланысы қалпына келтірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады құтқарушылар.
Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 6 адам, 2 техника жұмылдырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін