Жарияланды: 610

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында әлеуметтік жобалардың күндігі өткізілді

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында әлеуметтік жобалардың күндігі өткізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне аталмыш мерекені өткізуге мұрындық болған "ҚазақМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Әлеуметтік жобалардың күндігі аясында қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жаңа 10 автокөліктің кілті мен компьютерлік техникаға, сондай-ақ, қазіргі заманғы байланыс құралдарына ие болды. Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы мұнайшылардан жалпы құны 16 млн. 200 мың теңге тұратын жаңа жабдықтар алды. Әлеуметтік жобалардың күндігі аясында Жаңаөзенде облыстық жаңа балалар үйі ашылды. Осы мақсатқа арналған ғимаратты жаңалап жөндеуге және жиҺаз сатып алуға арналған ақшаны "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлді. Сондай-ақ, Жаңаөзен мен көршілес аудандарда тағы да екі түрлі әлеуметтік жоба жүзеге асырылмақшы. Атап айтсақ, Сенек ауылы мен тарихи "Бекет ата" қорымы арасындағы ұзындығы 48 шақырымдық электр жалғастыру желісін тарту және Сенек ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жобалары. Бұл екі жоба да жыл соңына дейін жүзеге асуы тиіс. Жаңаөзенде 75 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл қалаға таяу жерде кеніштер орын теуіп, Жаңаөзен қаласының өзінде мұнай кәсіпорындары орналасқандықтан бұл қаланы мұнайшылар мен газ мамандарының қаласы деп атайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін