Маңғыстау облысының мұнай компаниялары жұмыс орындарын қысқартпауға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының мұнай компаниялары жұмыс орындарын қысқартпауға уәде берді

Маңғыстау облысының мұнай компаниялары жұмыс орындарын қысқартпауға уәде берді

 Маңғыстау облысының мұнай өндіруші компаниялары қара алтын бағасы төмендеген жағдайда жұмыс орындары мен жалақыны қысқартпайды.

  • 21 Қаңтар 2015
  • 787
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан хабарлады.
Облыс әкімі Алик Айдарбаев аймақтағы мұнай-газ компанияларының басшыларымен, кәсіподақтардың және кәсіпкерлер палатасының жетекшілерімен меморандум бекітті.
Меморандумға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Ойл Констракшн Компани» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Oil Services Company» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Бұзашы Оперейтинг Лтд.» ЖШС, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС өкілдері қол қойды.