Ұсталғандар 47 және 34 жастағы Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының тұрғындары. Олардың марихуананы Ақтөбеден алып келе жатқан беттері екен. Ақтаулық шаруалардың көрші облыстың жем-шөбіне зәру екенін білетін күдіктілер есірткіні пішенге ораса, сезік тудырмайды деп ойласа керек. Алайда полицейлер көлік салонын тексеру барысында 1 пакетке салынған және қағазға оралған марихуана тапқан. Ал жүк салғышынан 17 келі есірткі шықты. Бұның қара базардағы бағасы 3 миллион теңге. Енді оңай олжаға кенелмек болғандар есірткі өнімін заңсыз тасымалдап, дайындап, өңдегені үшін 10-15 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр