Маңғыстауда 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамның құқығы бұзылған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамның құқығы бұзылған

Маңғыстауда 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамның құқығы бұзылған

Маңғыстауда биыл 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамның құқығы бұзылған. Әсіресе инватакси қызметінде заңбұзушылықтар көбірек тіркелген, деп хабарлайды Kazinform.

  • 3 Қараша 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Инватакси қызметі заң бойынша үзіліссіз, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуі тиіс болса, олар тек 8 сағат қызмет көрсеткен. Сондай-ақ мүгедектігі бар 3 мыңнан астам адам оңалту-сауықтыру шараларынан шет қалған. Өйткені, жауапты мекеме 66 млн теңге қаржыны тиісті мақсатта жұмсамай, ұстап отырған. 100-ге жуық мүгедек медициналық тексеруден қайта өтуге мәжбүр болған. Бұған дәрігерлердің тиісті құжаттарды дұрыс толтырмауы себеп болған.

Қаладағы әлеуметтік нысандардың 100-ден астамы мүгедектігі бар адамдар үшін талапқа сай емес. Нәтижесінде жауапты тұлғаларға 7,5 млн теңге айыппұл салынған.

— Облыс аумағындағы инфрақұрылым объектілері тиісті талаптарға сәйкес емес екені анықталды. Олардың басшылары қадағалау актісімен 7,5 млн теңге төлеу бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Прокурорлық қадағалау актісімен жартысынан көбі талаптарға сәйкестендірілді, — деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Мерген Меңдіғалиев.