Маңғыстауда екі жасар қыз зиратта түнеген - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда екі жасар қыз зиратта түнеген

Маңғыстауда екі жасар қыз зиратта түнеген

Маңғыстау полицейлері 12 сағатын зиратта өткізген қызды тауып алды, деп жазады lada.kz Маңғыстау облысының ІІД сілтеме жасап.

  • 10 Мамыр 2014
  • 389
Фото - Caravan.kz


8 мамыр күні Баянды ауылында екі жасар қыз жоғалып кеткен болатын. Қыздың ата-аналары полицияға шағымданған. Шағым келіп түскен сәттен бастап, полиция қызметкерлері қызды іздестіреді. Жарты тәулік  өткен кезде полицейлер бүлдіршінді зират маңынан тауып алған. Қыздың ол жерге қалай барғаны әзірге белгісіз. Табылған қыз қазіргі кезде ауруханада. Аталған оқиғаға қатысты мәліметтер анықталу үстінде.