Маңғыстауда есірткімен ұсталған азамат жылап жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда есірткімен ұсталған азамат жылап жіберді

Маңғыстауда есірткімен ұсталған азамат жылап жіберді

Маңғыстауда ірі көлемде есірткі тәркіленді. Жалпы құны 24 миллион теңге тұратын героинді 47 жастағы жұмыссыз азамат саудаламақ болған.

  • 4 Қараша 2014
  • 129
Фото - Caravan.kz


Наркодиллердің ізіне түсу оңай болған жоқ. Алдымен 2 ұсақ есірткі сатушы құрықталған. Героинді жеткізуші туралы деректі солар беріпті. Жедел іздестіру шарасы барысында 47 жастағы Мұнайлы ауданының тұрғыны қолға түсті. Полицейлер оның үйінен есірткіні қолдануға арналған түтіктерімен қоса тәркіледі. Күдікті бірде көз жасына ерік берсе, бірде ұлының туберкулезге шалдыққанын айтып өзінше ақталмақ болған. Бірақ әсерлі әңгіме оны жазадан құтқара алмасы анық.