Сот залына тек процеске қатысы бар адамдарға кіруге рұқсат етілген. Барлық сараптамалар Ғалым Мақұлбековтың кінәсін толық дәлелдеп берсе де, азғын кінәсін сол күйі мойындамапты. Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға мамыр айында Сай-Өтес ауылында болды. Аулада ойнап жүрген 8 жасар Фаридадан ата-анасы аяқасты көз жазып қалған. Қыздың өлі денесі сол түні-ақ табылды. Мәйіттің қасында қылмыскердің ұялы телефоны түсіп қалыпты. Сол бойынша тұрғындар өздері күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған болатын. 28 жастағы азамат бұрын сотталған екен. Ол Маңғыстауға Шымкенттен нәпақа табуға келіпті.
Құндыз Сәлімова, марқұм қыздың анасы:
-Қазақстанда өлім жазасы жоқ қой. Онда өмір бойына бас бостандығынан айрылсын. Міне қараңыздар менің қызымның ешқандай да кінәсі жоқ. Құртақандай баламның өмірін қиып кетті.