Маңғыстауда мұнай компаниялары жұмысшыларын жаппай қысқартып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда мұнай компаниялары жұмысшыларын жаппай қысқартып жатыр

Маңғыстауда мұнай компаниялары жұмысшыларын жаппай қысқартып жатыр

Маңғыстау облысында тапсырыс көлемі күрт төмендеген мұнай компанияларына қызмет ететін мекемелер жұмысшыларын жаппай  қысқартуға мәжбүр. Қазір қиын жағдайға тап болғаны туралы өңірде әзірге «Оңтүстік-Шығыс-сервистік тобы» ғана ресми түрде мәлімдеді.

  • 11 Ақпан 2015
  • 202
Фото - Caravan.kz

Компания басшысының айтуынша, қиындықтар өткен жылдың қараша айында қылаң бере бастаған. Жағдай біртіндеп ушығып,қазір жұмысшылар санын азайтуға мәжбүр. Әзірге 35 адамды қысқартпақ. Дегенмен басшылық жағдай тұрақталған соң дәл осы қызметкерлерді қайта аламыз деп отыр. Ал, жергілікті билік болса, өзге ірі мұнай компанияларда еңбек ететін адамдардың жұмыстан шығып қалмауын қадағалауға көшті. Облыс әкімдігі жер қойнауын пайдаланатын 7 кәсіпорынмен жұмыс орындары мен жалақы көлемін сақтап қалу жөнінде келісім жасады.

Андрей Тищенко, Сервистік компания директоры:

-Қара алтын құнының арзандауына байланысты мұнай өндіру нарығында өте күрделі жағдай туындап отыр. Жұмыс жоқ. Сонда да қызметкерлердің орындарын сақтап қалуға тырысамыз.