Маңғыстауда мұнайшылар жаппай уланып, 2 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда мұнайшылар жаппай уланып, 2 адам қаза тапты

Маңғыстауда мұнайшылар жаппай уланып, 2 адам қаза тапты

Маңғыстау облысында мұнайшылар жаппай уланып қалды. Белгісіз инфекциядан зардап шеккендердің хәлі қазір өте ауыр. Екі адам қаза тапқан. Қалғандары өмір мен өлімнің арасында жатыр.

  • 29 Қараша 2013
  • 315
Фото - Caravan.kz


Барлығы Жаңаөзенде мұнай бұрғылаумен айналысатын “КезБИ” деген компанияның жұмысшылары. Оқиға орнына дереу жеткен санитар-эпидемиологтар да олардың неден уланғанын таба алмай әлек. Қолда бар мәліметке қарағанда, 19 адам өте ауыр хәлде әуе көліктерімен облыстық ауруханаға жеткізіліпті. Тағы жеті мұнайшы Жаңаөзен қаласында қалдырылды. Оларға да ем-дом шаралары көрсетілуде. Ал қас пен көздің арасында жағдайлары күрт нашарлаған жұмысшылардың екеуі көз жұмған. Қазір компания басшыларына қатысты «санитарлық ережені» сақтамады деген баппен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.