Маңғыстауда оқушыны таяқпен ұрған жас маман жұмыстан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда оқушыны таяқпен ұрған жас маман жұмыстан босатылды

Маңғыстауда оқушыны таяқпен ұрған жас маман жұмыстан босатылды

Маңғыстауда оқушыны ұрған мұғалім жұмыстан шығарылды. 
 

  • 18 Қаңтар 2024
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы El.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады. Осылайша ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған. Сондай-ақ тағы бір оқушының бұрышта тұрғанын көруге болады. Облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Оқытушы – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес «қатаң сөгіс» тәртіптік шарасы тағайындалды. 2024 жылдың 17 қаңтарында жұмыстан босатылды, — делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.