Маңғыстауда уланған мұнайшылардың саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда уланған мұнайшылардың саны артты

Маңғыстауда уланған мұнайшылардың саны артты

Маңғыстау облысында жаппай уланып қалған мұнайшылардың саны артты. Жаңаөзенде мұнай бұрғылаумен айналысатын компанияның тағы 3 қызметкері өте ауыр хәлде облыстық ауруханаға жеткізілген.

  • 30 Қараша 2013
  • 378
Фото - Caravan.kz


Тұтас бір компанияның жұмысшыларын қоғадай жапырған қандай нәубет екенін сараптама жасаған мамандар әлі таппай әлек. Мұнайшылар бірінен соң бірі белгісіз заттан уланып жер бауырлап қалған еді. Дәрігерлер кеп жеткенше оның екеуі көз жұмған. Жетеуі Жаңаөзендегі қалалық ауруханада қалдырылып қалғандары облыстық ауруханаға әуе көліктерімен жеткізілген болатын. Бүгін сырқаттардың саны тағы 3 мұнайшыға артты. Олардың да хәлі өте ауыр. Жалпы саны 31 адам аурухана төсегіне таңылған. Осынша адамды улаған қандай инфекция екенін сарапшылар да таппай жатыр. Жорамалдары көп, бірақ дөп басып айтар жауаптары жоқ.