Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан екі әйел қаза тапты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан екі әйел қаза тапты (ВИДЕО)

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан екі әйел қаза тапты (ВИДЕО)

Ақтауға іргелес жатқан Баянды ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болды деп жазады Lada.kz.

  • 9 Желтоқсан 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев мәлімдеген.

Жол көлік оқиғасы 8 желтоқсан күні таңғы 09:00 шамасында болған. Апат салдарынан екі әйел оқиға орнында көз жұмды.

— Әйелдер тіл тартпай кетті. Тағы екі бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Өзге үш адамға медициналық көмек көрсетілді, — деді Азамат Сәрсенбаев.

Жарақат алған екі баланың халін дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.