Маңғыстауда жасөспірім қызды зорлаған азамат “құрбанына” үйленуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда жасөспірім қызды зорлаған азамат “құрбанына” үйленуді ұсынды

Маңғыстауда жасөспірім қызды зорлаған азамат “құрбанына” үйленуді ұсынды

Маңғыстауда 23 жастағы тұрғын кәмелетке толмаған қыз баланы зорлады деп күдіктелуде.

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 505
Фото - Caravan.kz

Жігіт жеткіншектің өзі жыныстық қатынасқа қарсы болмағанын алға тартып, оған үйленуге әзір екенін мәлімдеді. Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Қылмыстық полиция қызметкерлері істі тергеуді бастап, жігітті сұрақтың астына алған. Алайда тұрғын өзін кінәлі санамайтынын айтып, қыз баланың өзі жыныстық қатынасқа қарсы болмағанын алға тартқан.

Оқыс жағдай Қарақия ауданының Құрық ауылында болған. Полицияға жігіттің үстінен қыз баланың 45 жастағы анасы арыз түсірген. Ол 23 жастағы ауылдасын 17 жастағы қызына зорлық көрсетті деп айыптап отыр. Әйелдің сөзіне сенсек, жігіт 17 жастағы қыз баланы пәтеріне алдап кіргізіп, сол жерде зорлап тастаған.


Ювеналды полиция қызметкерлерінің айтуынша, факті бойынша соталды тергеу басталып, алғашқы нәтижелер жігіттің сөзін растаған. Тәртіп сақшылары оның жауапкершіліктен қорыққандықтан, тіпті жеткіншекке үйленуге ұсыныс білдіргенін айтуда.

Барлық жайт тергеу аяқталғанда анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар