Маңғыстаудағы цистерналардың жарылысынан 120 млн теңге залал келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстаудағы цистерналардың жарылысынан 120 млн теңге залал келтірілді

Маңғыстаудағы цистерналардың жарылысынан 120 млн теңге залал келтірілді

Маңғыстаудағы жойқын жарылыстың қоршаған ортаға келтірген залалы белгілі болды. Апатқа кінәлі көлік иесі, яғни «Эмир ойл» компаниясы 120 миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс.

  • 25 Желтоқсан 2013
  • 240
Фото - Caravan.kz


Апат тура бір ай бұрын шойын жолдың бойында болған. Мұнай тиеген пойыз жанармай таситын көлікпен соқтығысып, салдарынан 17 цистерна қара алтынның күлі көкке ұшқан еді. Алапат өртте тепловоз жүргізушісін күйік шалып, көмекшісі тірідей жанып кеткен болатын. Ал 3 мың шаршы метр аумақтың топырағы бүлініп, жарамсыз болып қалған. Ауаға ұшқан зиянды қалдықтар тағы бар. Сондықтан кінәлі жанармай тасушы көлік иелері айыппұлмен қатар, 26 млн теңге өтемақы да төлеуі тиіс.