Жарияланды: 470

"МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы 2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 млн-нан астам тонна мұнай өндірді

"МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы 2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 млн-нан астам тонна мұнай өндірді. Бұл туралы компанияның ресми ақпаратында айтылған.

Соның ішінде жоспардан артық 100 мың тонна мұнай шығарылды. Өткен жылдың осы мерзімінде компания 1 млн. 858 мың 620 тонна мұнай өндірген болатын. Компанияның мәліметтеріне жүгінсек, тек биылғы мамыр айының өзінде "Қаламқасмұнайгаз" және "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармалары 708 мың 350 тонна мұнай өндірді. Бұл - жоспарлаған көлемнен 20 мың 750 тоннаға артық. 2002-жылдың мамырында компания өнімі 392 мың 250 тоннаны құраған болатын. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы 2003-жылы 4,7 млн. тонна мұнай өндіруді межелеп отыр, бұл - өткен жылғы деңгейден 300 мың тоннаға артық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін