Мақтаулы «Qazaq Air» банкет залынан кеңсе ашпақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақтаулы «Qazaq Air» банкет залынан кеңсе ашпақ болған

Мақтаулы «Qazaq Air» банкет залынан кеңсе ашпақ болған

Жарнамасы жер жарған жаңа әуе компаниясы мейрамханадан жұмыс кеңсесін ашпақ болған. «Qazaq Air» -дің қашан жолаушы тасымалдауға шығатыны да әлі белгісіз. Азаматтық авиация комитеті дауға қалған мақтаулы компанияның қызметінен 50-ге тарта кемшіліктер анықтады.

  • 24 Шiлде 2015
  • 229
Фото - Caravan.kz

Әсіресе, «Qazaq Air» өзінің кеңсесі ретінде мейрамхананың банкет залын  жалдағаны сертификациялық комиссияның жағасын ұстатып отыр. 100 пайыз «Самұрық-Қазынаның» басқаруындағы, яғни мемлекеттік компанияның мұндай әрекетіне шенеуніктер аң-таң. Әрі әлі күнге дейін басқалардан арзан болады делінген нақты билет құнын жасырып отыр екен. Тіпті, ұшуды қамтамасыз ететін арнайы техникалар мен қауіпсіздікке жауап беретін мамандар да болмай шыққан. Сондықтан Авиация комитеті, «Qazaq Air» әуе компаниясын жолаушы тасымалдауға дайын емес деп танып, барлық кем-кетіктерін түзетуге тағы уақыт берді.