"Кешегі күннен бастап мен ауыл шаруашылығы вице-министрі емеспін", деп жазды ол сәрсенбіде Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына.
Алдында хабарланғандай, биыл қараша айында Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов бюджет қаржысының игерілмеуіне жол бергендігі үшін бірқатар министрлердің орынбасарларына сөгіс жариялаған, олардың қатарында ауыл шаруашылық вице-министрі М.Төлібаев та болды.
М.Төлібаев бұл қызметті 2011 жылдың маусым айынын бері атқарған, ол кезге дейін "Тобол" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға жетекшілік еткен, Астана әкімінің орынбасары болған.