Жарияланды: 310

Мас алматылықтар ұшақта шу шығарды

Мас алматылықтар ұшақта шу шығарды

Петерборға бағыт алған ұшақта үш бұзақы шу шығарған.

Олардың бірі Краснодардан, ал екеуі Алматыдан ұшқан.

Біріншісін ұшақ бортында жолаушы ретінде болған арнайы қызметтің өкілі сабасына түсірген, ал екеуін көршілері сабырға келтірді.  Бұл екеуінің мас болғаны анықталды.

12 тамызда жанжал шығарғандарды «Пулково» әуежайында ұстап, көлік полициясына тапсырғаны белгілі болды. Заңды бұзғандар бір жарым мың рубль көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүрленеді.  Сонымен қатар олар 15 тәулік қамауда болмақ.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін