Мас азамат селфи жасаймын деп, Лениннің ескерткішін қиратты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мас азамат селфи жасаймын деп, Лениннің ескерткішін қиратты

Мас азамат селфи жасаймын деп, Лениннің ескерткішін қиратты

Ер адам Томск облысының солтүстігінде Каргасок ауданының орталығында орнатылған Лениннің ескерткішін қиратты, деп хабарлады ТАСС ІІМ өңірлік басқармасына сілтеме жасап.

  • 31 Шiлде 2015
  • 277
Фото - Caravan.kz

РФКП өңірлік бөлімшесінің деректеріне сүйенсек, жас жігіт суретке түспекші болған кезінде ескерткіштің жоғары бөлігін сындырып алған.

«Каргасок ауылында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Алдын ала ақпарат бойынша, 26 жастағы ер адам ішімдікке тойып алып, ескерткішті бұзақылық әрекетпен зақымдаған», — деді полиция өкілі.

Жас жігіттің әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды: ескерткішті бүлдіргені үшін ол 1 мың рубль көлемінде айыппұл төлейді не болмаса 15 күн қамауға алынады.