Мас полицей әріптесі отырған машинаға соғылып, 2 адамды мерт қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мас полицей әріптесі отырған машинаға соғылып, 2 адамды мерт қылды

Мас полицей әріптесі отырған машинаға соғылып, 2 адамды мерт қылды

Астанада мас полицей өз әріптесі отырған машинаға соғылып, 2 адамды мерт қылды. Қаза тапқан жол сақшысы арақ ішкен басқа жүргізушіні сараптамаға апара жатқан беті екен. Тәртіп бұзушы патрульдік көлікке мінуден бас тартқандықтан, полицей соның машинасының рөліне отыруға мәжбүр болған.

  • 26 Қараша 2013
  • 278
Фото - Caravan.kz


Алайда жолда жантүршігерлік апатқа шырады. BMW-ға бағдаршаманың қызыл түсіне өтіп кеткен «Mercedes» келіп соғылады. Бақылау камерасына түскен мына кадрларда мас полицей тізгіндеген көліктің жарысып келе жатқаны анық көрінеді. Сол жүйткіген күйі әріптесі отырған машинаның тас-талқанын шығарған. Салдарынан полицей мен наркологиялық диспансерге бара жатқан жүргізуші қайтыс болды. Ал өзі ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Кінәлі тәртіп сақшысы сол сәтте еңбек демалысында жүріпті.