Жарияланды: 500

Машина құрылысы саласын дамыту ел экономикасына серпін береді - Н.Назарбаев

Машина құрылысы саласын дамыту ел экономикасына серпін береді. Бүгін Астанадағы «Көрме» кешенінде «Қайратты көшбасшы - қуатты бизнес» атты форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Еліміздің машина құрылысы еліміз үшін жаңа машиналар жасайды. Осы салаға жаңа технологиялар қажет. Қазір Қостанайда да жаңа көліктер шығарыла бастады. Жүк вагондарын шығару қуаты да 2,5 мың бірлікке артады. Бұл қағидатты маңызды қадам. Егер біз бұны істемесек, біз жақын аралықта Қазақстанның ішіне де, шетелге де өнімді таси алмайтын едік», - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту үдерісіне де тоқталып өтті. Оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға тоқталып, еліміз бойынша 54 жемдеу-бордақылау алаңдары бар екенін, 2 мың 700 фермер шаруашылықтары қызмет етуде екендігін айтты. «Осы фермерлердің өңдеген ет өнімдерін біз алғаш рет Ресейге, басқа да шетелге жөнелтетін боламыз. Бұл үлкен қайырымды іс. Мен жақын аралықта жұрт ауылға жұмыс істеуге баратын болады деп ойлаймын», - деді Н. Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін