Жарияланды: 520

Мәсімов француз бизнесмендерімен кездесті

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Францияға ресми сапары аясында осы елдің ірі компаниялары мен экономикалық ұйымдарының өкілдерімен кездесулер өткізді.

Үкімет басшысының блогында айтылғандай, кездесулерге TOTAL (мұнай және газ барлау мен өндіру); ALSTOM (электр станциялары мен т/ж көлігінің барлық түрлері үшін жүйелердің өндірісі); VALLOUREC (мұнай шаруашылығына арнап жоғары сапалы құбырлар шығару); AIR LIQUIDE (өнеркәсіп, денсаулық сақтау, қоршаған ортаға арнап газ өндіру); DANONE («Activia», «Actimel», «Rastichka» сүт өнімдерінің өндірісі); THALES (аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі үшін жабдықтар өндірісі); GDF-SUEZ/SUEZ-ENVIRONMENT (газ таратушы желілер, табиғи газ өндіру, су ресурстарын басқару, қоқыс өңдеу, энергетика, қуат үнемдегіш технологиялар); EADS-EUROCOPTER (тікұшақтар өндірісі, ілеспе қызметтер көрсету); AREVA (атом энергетикасы және өнеркәсіп, ядролық технологиялар, қуаттың балама көздері); SAGEM DEFENSE SECURITE (SAFRAN тобы) (аэроғарыш жабдықтарының, авиақозғалтқыштардың, әскери техника, электроника, биометрика өндірісі) басшылары қатысты. Еске сала кетейік, ҚРпремьері ресми сапармен Францияда жүр. Сапар барысында Қазақстан үкіметі басшысының Франция премьер-министрі Франсуа Фийонмен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесулері жоспарланған. Сондай-ақ, сапар аясында Францияның іскер сала өкілдерімен екіжақты кездесулер өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін