Мәсімов ҚР президентінің тапсырмасын орындау жөнінде үкіметтің кезектен тыс отырысын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәсімов ҚР президентінің тапсырмасын орындау жөнінде үкіметтің кезектен тыс отырысын өткізді

Мәсімов ҚР президентінің тапсырмасын орындау жөнінде үкіметтің кезектен тыс отырысын өткізді

Астана. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау туралы кезектен тыс үкімет мәжілісін өткізді, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Ақпан 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға үлкен, кең көлемдегі міндеттер қойды. Біз барлық тапсырманы нақты және мерзімінде орындауымыз үшін өз жұмысымызды жедел жұмылдыруымыз қажет»,- деді премьер-министр К. Мәсімов үкімет мүшелерінің назарын аудара отырып.

Үкімет басшысы атап өткеніндей, үкімет аталған тапсырмаларды орындау жөнінде кешенді іс-шараларды әзірлеуге белсене кірісіп, Қазақстан Республикасы президентінің еліміздің халқына жолдауын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың жалпыұлттық жоспарына ұсыныстар енгізу қажет екенін атап өтті.

«Уақыт өте тығыз. Сондықтан да барлық мәселені жедел әрі сапалы шешуіміз керек. Біз президенттің барлық тапсырмасын орындау жөнінде бірлескен үйлесімді жұмысымызды жалғастыруға тиіспіз»,- деп түйіндеді сөзін үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті