Жарияланды: 430

Мәскеу іргесінде БҰҰ әскери бақылаушыларының курсы ашылды

Бүгін, 30-маусымда Мәскеу іргесінде БҰҰ әскери бақылаушыларының курсы ашылды. Онда 7 елдің 20 әскери бақылаушылары мен азаматтық полиция қызметкерлері, сондай-ақ, Ресейдің 15 әскери және милиция қызметкерлері дайындықтан өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған хабарламадан белгілі болды.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30-маусымнан 18-шілдеге дейін жалғасатын бұл курстар РФ Қарулы күштерінің Солнечногорск қаласындағы Жалпыәскери Академиясының "Выстрел" Оқыту орталығы , Ресей Ішкі Істер Министрлігі қызметкерлерінің Бүкілресейлік білім жетілдіру институтының БҰҰ бейбітшілік қорғау күштерінің құрамына арнап ішкі әскери жауынгерлерді дайындау және Ішкі істер органдарына арнап қызметкерлер дайындау жөніндегі Востряково қаласындағы орталығының базасында өтеді. Курсанттар БҰҰ-ның бейбітшілік қорғау күштеріне өз жауынгерлерін жолдағалы отырған елдерден, атап айтсақ, Йемен, Қазақстан, Молдова, Монғолия, Руанда, Сальвадор, Сербия, Черногория және Хорватия мемлекеттерінен шақырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть