Мәскеу маңында екі пойыз соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу маңында екі пойыз соқтығысты

Мәскеу маңында екі пойыз соқтығысты

Мәскеу облысында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан тапқандардың саны 5 адамға жетті, деп хабарлады ресейлік БАҚ РФ ІІМ баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап.

  • 20 Мамыр 2014
  • 290
Фото - Caravan.kz


Айта кетейік, Мәскеу-Кишинев бағытындағы жолаушылар пойызы мен жүк пойызы бүгін күндіз соқтығысқан болатын.

«Алдын ала мәліметтер бойынша 5 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды», — полиция өкілі.

Дегенмен қаза тапқандар мен жарақат алғандар жайындағы ақпарат сан алуан. Мәселен, төтенше жағдай орындағы жетел штаб 5 адамның өліп, 45 адамның жарақат алғанын айтса, РФ Тергеу комитеті деректеріне сәйкес 4 адам қаза тауып, 11 адам жарақаттанған. Ал Молдавия Көлік министрлігі деректеріне сәйкес өлгендер саны — 9, жарақат алғандар — 15.