Жарияланды: 370

Мәскеуде ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің салық қызметтері Кеңесі мен кедендік қызметтері Кеңесінің жиыны өтеді

Бүгін, 10-қазанда Мәскеуде ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің салық қызметтері Кеңесі мен кедендік қызметтері басшылары Кеңесінің бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР кедендік бақылау Агенттігінен хабарлады. Аталмыш мекеменің ақпаратына сәйкес, елімізден бұл жиынға ҚР кедендік бақылау Агенттігі төрағасының орынбасары Сейітқали Мүлкин мен салық комитетінің өкілдері, заңгерлер мен сарапшылар қатысуда.

Кеңесте салық және кедендік органдар тарапынан спиртті және темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын бақылау мәселелері талқыланады. Кеңесте сондай-ақ, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің салық және кедендік мекемелері арасында маңызды ақпараттармен бөлісіп отыру туралы келісімнің орындалу барысын талқылау мәселесі назар төріне алынбақшы. Осындай ақпараттар алмасудың біртұтас стандарттары жөніндегі жоба да сарапқа салынады. Осы орайда естеріңізге сала кетсек, ЕурАзЭҚ-на Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары қамтылады. Ал Армения, Молдова және Украина елдері Қоғамдастықта бақылаушы мәртебесіне ие.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін