Мәскеуде қатаң карантин енгізілуі мүмкін: қала басшылығы тұрғындарға ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде қатаң карантин енгізілуі мүмкін: қала басшылығы тұрғындарға ескерту жасады

Мәскеуде қатаң карантин енгізілуі мүмкін: қала басшылығы тұрғындарға ескерту жасады

Ресей астанасында карантин шаралары қатаңдатылып, бірнеше қоғамдық сала қызметкерлері үшін міндетті вакциналауды енгізуді қарастырып жатыр

  • 18 Маусым 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

 Мәскеу мэрі Сергей Собянин қалада коронавирус жұқтырғандарға қатысты жағдай күрт ушығып жатқаны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы  Caravan.kz порталы sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.

Күні бұрын қалада вирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асты. Бүгін бұл көрсеткіш 9 мыңға жетеді деген болжам жасалды. Сонымен қатар Собянин бұрынғыға қарағанда қазір науқастардың жағдайы күрт нашарлауы ерте байқалып жатыр.

"Мұндай көрсеткіш бізде болған емес. Вирус жұқтырғандардың көбінің бірнеше күннің ішінде жағдайы нашарлап, ауруханаға жатуға мәжбүр екені тіпті қорқынышты. Бұған дейін науқастар коронавирусқа шалдыққаннан кейін 10-14 күннен соң ғана ауру асқынса, қазір ауыр симптомдар бесінші күні-ақ анықталып отыр", — деді ресейлік елорда мэрі.

Ол қала билігі уақытша қатаң карантиндік шектеулер енгізілетінін және қоғамдық тамақтану орындары мен көлік саласының қызметкерлері вакцина салдыратынын еске салды.


Біраз бұрын коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында Мәскеуде 15-19 маусым демалыс күні деп жарияланды.

Мәскеудегі Роспотребнадзор сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, көлік, денсаулық сақтау, ТКШ, КФО, білім беру, мәдіниет саласы және балалармен жұмыс істейтін ұйымдардағы қызметкерлердің міндетті түрде екпе салдыруы туралы қаулы шығарды. Тамыздың ортасына дейін аталған мекемедегі қызметкерлердің 60%-і вакцина салдыруы керек.

14 маусымнан бастап Мәскеуде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында бас жүлдеге автомобиль тігілген ойын жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар