Мәскеуде қазақ тіліне арналған дөңгелек үстел өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде қазақ тіліне арналған дөңгелек үстел өтті

Мәскеуде қазақ тіліне арналған дөңгелек үстел өтті

Ресей Федерациясындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілділігінің ұйымдастыруымен Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетіндегі «Қазақ тілі мен мәдениеті» орталығында, «Болашақ» бағдарламасының иегерлері қазақ тілін үйреніп жатқан студенттермен дөңгелек үстел өткізді.

  • 14 Маусым 2018
  • 84
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Bag.kz. хабарлайды. 

Дөңгелек үстел барысында, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілі С. Керімбаева «Болашақ» бағдарламасының 25 – жылдығына орай әзірленген арнайы презентациясында бағдарлама туралы аталған студенттерге толық ақпарат беріп, бағдарламаның иегерлері Қазақстан Республикасының жетістіктері мен Астананың 20-жылдығы қарсаңында бас қаланың тарихы мен көрікті жерлері жайлы айтып берді.

Қазақ тілі мен мәдениет орталығының жетекшісі К. Шахатова орталықтың қызметі мен студенттермен атқарылып жатқан жұмыс жөнінде өз ойын ортаға салды.

"Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетіндегі қазақ тілін екінші шет тіл ретінде оқып жатқан студенттер еліміздің бас қалалары Астана мен Алматы қалаларында өткен тәжірибелері жайлы презентация жасап, қазақ тілін қаншалықты меңгергендіктерін көрсетті" — дейді К. Шахатова.


Дөңгелек үстел соңында «Болашақ» бағдарламасының өкілі мен иегерлері студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оларға арнайы сыйлықтар табыстады.

Соңғы жаңалықтар