Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

МИНСК. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Мәскеуде ертең, 20-наурызда ТМД экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ТМД атқару комитетінен хабарлады.

  • 19 Наурыз 2007
  • 353
Фото - Caravan.kz

Отырыста бұрындары қабылданған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамалардың жобасы қаралады. Атап айтсақ, 1992-жылдың 13-наурызында қол қойылған «Стандарттау, метрология және сертификаттау салаларында келісілген саясат жүргізу туралы келісім»; 1995-жылдың 10-ақпанында қол қойылған «Метрологиялық аттестациялау мен тексеру мақсатында тасымалданатын нормативтік құжаттар, эталондар, өлшем құралдары мен стандартты үлгі-нұсқаларды алып өтуге арнаулы рұқсаттар беру, салық пен кедендік баж салықтарынан босату жөніндегі келісім»; 1993-жылдың 12-наурызында қол қойылған «Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және олармен теңестірілген тұлғалардың жеңілдікпен жүріп-тұру құқығын өзара мойындау туралы келісімдерге» енгізілетін өзгерістердің жобасы қаралады.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сонымен бірге ТМД-ға қатысушы елдерде 2010-жылға дейін ауылшаруашылығы техникасы, машиналар мен механизмдердің лизингтік жүйесін дамыту шараларының жобасы туралы және химия және мұнайхимиясы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық кеңестің іс-қызметі туралы талқыланады.

Сонымен бірге отырыста ТМД-ға қатысушы елдердің сарапшыларының еркін сауда аймағының жұмыс істеу мәселелеріне арналған 2007-жылғы 20-21-ақпандағы кеңесінің қорытындысын, бұған қоса экономикалық ынтымақтастық департаментінің ТМД аясындағы сыртқы экономикалық алыс-берістегі тауар номенклатурасын Тауарларды сипаттау және оларға код тағайындау жөніндегі өзара үйлестірілген жүйеге сәйкестендіру жөніндегі жазбаша ақпаратты талқылау жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті