Мәскеуде ТМД мен ЕурАзЭҚ аясындағы кездесулер өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ТМД мен ЕурАзЭҚ аясындағы кездесулер өтеді

Мәскеуде ТМД мен ЕурАзЭҚ аясындағы кездесулер өтеді

АСТАНА. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. 13 желтоқсанда Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің 32-ші мәжілісі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Желтоқсан 2006
  • 406
Фото - Caravan.kz

Е.Ашықбаевтың айтуынша, мәжіліс барысында тараптар (мемлекет басшылары деңгейіндегі) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің ағымдағы жылдың 16 тамызындағы шешімін орындау мәселесі, оның ішінде кедендік одақты қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды әзірлеу жайын талқылайды.

15 желтоқсанда Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 32-ші мәжілісін өткізу жосппарлануда. Мәжіліс барысында экономикалық ынтымақтастықтың электроэнергетика, қорғаныс, денсаулықты сақтау саласындағы және ұйымдастыру мәселелерді талқылауды жоспарлануда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті