Мәскеуде Тұрар Рысқұловқа арналған мемориалды тақтайша орнатылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Тұрар Рысқұловқа арналған мемориалды тақтайша орнатылатын болды

Мәскеуде Тұрар Рысқұловқа арналған мемориалды тақтайша орнатылатын болды

Қазақтың белгілі мемлекет қайраткері, РСФСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары болған Тұрар Рысқұлов тұрған Мәскеудегі №14 үйге мемориалды тақтайша орнатылатын болды.

  • 20 Қыркүйек 2010
  • 661
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков пен Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың кездесуі барысында осындай келісімге қол жеткізілді.

Дипломатиялық үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мәскеу мэрі елшіліктің 1931-1934 жылдары қазақтың белгілі мемлекет қайраткері, РСФСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары болған Тұрар Рысқұлов тұрған Мәскеудегі №14 үйге мемориалды тақтайша орнату туралы бастамасына қолдау білдірді.