Мәскеуде ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның Іскерлік кеңесінің отырысы өтеді
Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде 21 тамызда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының жанындағы Іскерлік кеңестің отырысы өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҰҚШҰ Хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. |
"Отырыс барысында ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің әскери-өнеркәсіп кешендерінің кәсіпорындарының алдында тұрған проблемалық мәселелерді, Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия аясында оларды шешу жолдарын, сондай-ақ, кезекті кезеңге арналған Іскерлік кеңестің жұмыс жоспарын қарастыру жоспарланып отыр", - деп хабарлады аталмыш мемлекетаралық комиссияның хатшысы Валерий Фалеторов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін