Мәскеуде үш адам көліктің ішінде тірідей өртеніп кетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде үш адам көліктің ішінде тірідей өртеніп кетті (ВИДЕО)

Мәскеуде үш адам көліктің ішінде тірідей өртеніп кетті (ВИДЕО)

Мәскеуде орын алған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды LifeNews.

  • 13 Шiлде 2015
  • 320
Фото - Caravan.kz

Алдын ала мәліметтер бойынша, «БМВ» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіндегі металл қоршауға соғылған.

«Жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, көлік қоршауға соғылып бірден жана бастады. Алдында отырған жолаушы мен жүргізуші көліктен шығып үлгерді. Ал артқы жағында отырған үш жолаушы тірідей өртеніп кетті», — дейді қайғылы оқиғаның куәгері.

Үш адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты құқық қорғау органдары растады. Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті сөндірді. Қазіргі кезде оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші іздестірілуде.