Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгершілік іс-қызмет мәселелері жөніндегі сарапшыларының консультациялары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгершілік іс-қызмет мәселелері жөніндегі сарапшыларының  консультациялары өтеді

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгершілік іс-қызмет мәселелері жөніндегі сарапшыларының консультациялары өтеді

Мәскеу. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде 15-16 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгершілік іс-қызмет мәселелері жөніндегі сарапшыларының консультациялары өтеді. Бұл туралы ұйым хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қараша 2007
  • 501
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сарапшылар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрылымы, комплектациясы, заманауи қару-жарақ және әскери техникамен жарақтандыру тәртіптерін талқылайды.

Сонымен бірге консультацияларға қатысушылар ұйымның ұжымдық бітімгершілік күштерінің әскери және азаматтық сала мамандарын дайындау және оқыту мәселелерін қарайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, консультациялар аясында сарапшылар 16 қарашада Ресей Қарулы күштерінің Жалпыәскери академиясының «Выстрел» оқу орталығының 53-ші арнаулы бөлімшесіне барады.

Консультациялар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберінде бітімгершілік іс-қызмет тетіктерін ұйымдастыруды рәсімдеу мен нормативтік рәсімдеу жөніндегі құжаттар топтамасын жүзеге асыру мақсатында өткізілмекші. Құжаттар топтамасына ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларының ағымдағы жылы 6 қазанда өткен Душанбе саммитінің барысында қол қойды.

Құжаттар топтамасына Бітімгершілік іс-қызметі жөніндегі келісім, Ұжымдық бітімгершілік күштер жөніндегі тәртіп, бітімгершілік операцияларды дайындау жөніндегі оперативтік жұмыс тобы жөніндегі ережелер, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгершілік миссиясының басшысы туралы ережелер қамтылады.

Консультацияларға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Қорғаныс министрліктерінің, СІМ, ІІМ мен ТЖМ сарапшылары қатысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті