Мәскеудің экс-мэрі Юрий Лужков қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеудің экс-мэрі Юрий Лужков қайтыс болды

Мәскеудің экс-мэрі Юрий Лужков қайтыс болды

 

  • 10 Желтоқсан 2019
  • 56
Фото - Caravan.kz

Мәскеудің бұрынғы мэрі болған Юрий Лужков 84 жасында о дүниеге аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

РЕН ТВ арнасының мәліметі бойынша, Лужков Мюнхен қаласындағы ауруханада жүрегіне ота жасап жатқан кезде қайтыс болыпты. 

Экс-мэрдің қайтыс болғаны туралы ақпарат депутаттардың кезекті жиналысы кезінде келіп түскен. Оның өлімі анафилактикалық шоқтың салдарынан болған көрінеді. Қазіргі таңда Ресей үкіметі Лужковтың жақындарына көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізіпті. Дегенмен шенеуніктің туыстары бұл ұсынысты әлі қабыл алмаған көрінеді. 

Атап кетерлік жайт, Лужков 1992 жылдан 2010 жылға дейін Мәскеудің мэрі қызметін атқарған. 2010 жылы Ресейдің сол кездегі президенті болған Дмитрий Медведевтің бұйрығы бойынша жұмыстан босатылған. Медведев оны "сенімділікті жоғалтқаны үшін" қызметтен шектетіпті. 


Ал 2016 жылдың қыркүйек айында Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путин Лужковты "Отан алдындағы еңбегі үшін" арнайы орденмен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар