Мәскеулік эколог Алматының ауасын адам денсаулығына өте қауіпті деді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеулік эколог Алматының ауасын адам денсаулығына өте қауіпті деді

Мәскеулік эколог Алматының ауасын адам денсаулығына өте қауіпті деді

Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту үшін не істеу керектігін ресейлік эколог-сарапшы айтып берді.

  • 20 Ақпан 2018
  • 216
Фото - Caravan.kz

Қазгидрометтің Қазақстан Республикасының желтоқсан айына жасалған қоршаған ортаға қатысты ақпараттық бюллетені бойынша Алматы қаласы ауасының ластығы бойынша жоғары санатқа енгізілген.

Caravan.kz медиа-порталы аталған мәселені Ресейдің жабайы табиғатты қорғау Орталығының экологияландыру бойынша өндірістік қызметінің үйлестірушісі, эколог Игорь Шкардюкке ұсынып, түсініктеме алды.

— Алматы қаласының экологиялық ахуалын Қазгидромет пен Airkaz.org сайтының мәліметтері бойынша қалай бағалайсыз?

Airkaz.org графикасы бойынша түнде және таңертең шаңның жиналуы күндізгіге қарағанда әлдеқайда жоғары. Қазгидрометтің автоматты станциялары шаң-тозаң деңгейін мүлдем өлшемейді. Стационар бекеттері күнделікті 7,13 және 19-да сынама алу керек. Яғни, олар Airkaz.org-тың мәліметтері бойынша ең көп жиналатын кезді өткізіп алады.

Сондай-ақ Airkaz.org сайтынан 2017 жылы 14 желтоқсан күні Алматы-1 аумағы, Абай мен Тілендиев және Төле би- Байзақов көшелерінде орналастан автоматты бекеттер PM2.5 бойынша ПДК-ның (майда сынамасы) түнгі 1-3 аралығында 10 есе жоғары болғанын көрсеткен.

Яғни, Алматыны өте қатты ластанған қалалар қатарына жатқызу керек.

Сондықтан ауаның сапасына қатысты осындай мәліметтерге жүгіне отырып Алматыны адам денсаулығына өте қауіпті деп есептеуге тиіспіз.

— Билікке қаланың экологиялық ахуалына назар аударатын уақыт жетті деп пайымдайсыз ба?

— Әрине. Билікке тікелей қатысты атқаратын нәрселер бар:

  1. Экологиялық мониторинг жасау және ауаны ластайтын ошақтарды анықтау.
  2. Ауа ағымын моделдеу және қаланы желдетуге кедергі келтірмейтін құрылыс стандартын жасау
  3. Ағаш кесуге рұқсат беруді қысқарту, ағаш егу, оны күтіп баптау,ағаш егуші тұрғындарды қолдау.
  4. Ауаны ластаушыларға әкімшілік тұрғыда ықпал ету. Көмірмен жанатын өндіріс орындарын газға көшіру.
  5. Газға қосылуды қолдау және газ құбырына қосылғысы келетін тұрғындардың шығын көлемін азайту.
  6. Қоғамдық көліктер мен веложолақтарды дамыту.
  7. Көшенің тазалығы мен шаң бөлетін жолдың бетін жөндеу
  8. Тұрғындарға экологиялық әрекет етуді үгіттеу

— Алматының түтіні адам денсаулығына қалай әсер ететіні жайлы нақты ресми мәлімет жоқ. Ресейде ондай мәліметтер бар ма?

— Ресейде билік қоршаған ортаның ластануына қатысты шынайы мәліметтерді жасырып қалады. Мәселен Мәскеу тұрғындары күктірсутегінің иісін мен мұнай өңдеузауытының қалдықтарының иісін сезе бастаған соң Мосгидромет сайтқа мәлімет шығаруды мүлдем қойды.

-Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту үшін қандай шаралар атқарған жөн?

.

  1. Бензинмен, жанармаймен жүретін көліктерді кезең кезеңімен газбен жүретін және гибридті көліктерге ауыстыру керек. Электромобилге көшіру және электробекеттер салу керек.
  2. Қаланың орталығына тауар тасу үшін тек электр көліктеріне ғана рұқсат беру керек.
  3. Республикада электровелосипед пен самокат сататын және өндіретін желі ашуды қолға алу керек.
  4. Күнделікті жолға шығу қажеттілігін азайту. Ықшамаудандарға анализ жасап, тұрғындар саны, мектеп,балабақша, аурухана, дүкендерді картаға түсіру.
  5. Республика билігі құрылыс барысында оның энергиялық тиімділігін артыруды талап етуі қажет. Шатырларды көгалдандыру.
  6. Бұған қоса экологиялық талапақа сай келетін биіктігі орташа үйлерді көптеп салу, құрылыс жұмыстарын жүргізетін компаниялардан міндетті түрде ауаны сүзгіден өткізетін ереже енгізу сияқты ұсыныстар бар.
Соңғы жаңалықтар