Жарияланды: 520

Маусым айында азық-түлік тауарларының бағасы жылдық көрсеткіште 12,6%-ға қымбаттады

Маусым айында азық-түлік тауарларының бағалары 2010 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 12,6%-ға артты,делінген ҚР статистика жөніндегі агенттігінің ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, маусымда жылдық көрсеткіште жарма өнімдері 2,2 есеге қымбаттаса, майлар мен тоң май 23,4%-ға, ұн 22,9%-ға, қант 18,7%-ға, жеміс-көкөніс 15%-ға, сүт өнімдері 11,2%-ға, макарон өнімдері 9,8%-ға, кофе, шай мен какао 8,9%-ға, кондитер өнімдері 7,5%-ға, нан 4,8%-ға, алкоголь сусындары 4,7%-ға қымбаттаған. Аталған кезеңде ет пен ет өнімдері 15,2%-ға қымбаттады. Қой еті 19,5%-ға, жылқы еті 10,8%-ға, құс еті 10,2%-ға, шұжық өнімдері 9,8%-ға, шошқа еті 5,2%-ға қымбаттаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін