Жарияланды: 460

Маусым айында еліміздегі жұмыссыздық 5,3 пайызды құрады

Ағымдағы жылғы маусым айында еліміздегі жұмыссыздар саны 461,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз шамасында.

Статистика агенттігінің мәліметінше, республика экономикасында 2011 жылғы маусымда 8,2 млн. адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 50,7 мың адамға немесе 0,6 пайызға артқан. Сонымен қатар, жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,5 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67,2 пайызы) құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2011 жылғы маусым айының соңына дейін 57,4 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7 пайызын құрады. Бұдан бөлек, 2011 жылғы маусымда бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4 пайызын құраған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін