Маусым айында Елордада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маусым айында Елордада  Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

Маусым айында Елордада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

[wpcode id="1694287"] Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметкері Ботагөз Уатхан facebook-тағы парақшасына жазды

  • 16 Наурыз 2017
  • 509
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметкері Ботагөз Уатхан facebook-тағы парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына ұсыныс қабылдау бүгіннен тоқтатылды. 40 елден 350 қазақ диаспорасының және де Қауымдастықпен тікелей байланыста жүрген халықаралық ұйымдардың (Түрк кеңесінен, Қыпшақтар қоғамынан, Әзербайжан елі Диаспорология ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттен, Әлем моңғолдары конгресінен, Өзбекстанның Ұлтаралық мәдениет орталығынан) өкілдері шақырылады. Сондай-ақ, Алматы, Астана қалаларынан, барлық облыстардан, Үкімет, Парламент, Министрліктер, түрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-ның өкілдері қатысады. Комиссияның алғашқы отырысында бұрынғы өткен Құрылтайларға қатысқан (қоғам басшыларынан басқа) адамдар шақырылмайды деп шешілді, негізінен жастар көбірек қамтылмақ», делінген жазбада.