Мәжіліс 2014 жылы зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы мен жалақыны өсіруге мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс 2014 жылы зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы мен жалақыны өсіруге мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс 2014 жылы зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы мен жалақыны өсіруге мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс сәрсенбідегі жалпы отырыста «ҚР бірқатар заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 4 Сәуiр 2014
  • 483
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму жөніндегі комитеті хабарлғандай, қабылданған түзетулер 2014 жылдың 1-сәуірінен бастап әлеуметтік сипаттағы төлемдерді 12 пайызға, 2015 жылы 1-сәуірден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 25 пайызға өсіруге, сондай-ақ, бала асырап алғандарға 75 АЕК көлемінде бір реттік төлем төлеуге мүмкіндік береді.

1 айлық есептік көрсеткіш 1852 теңгеге тең.

2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы бойынша негізгі зейнетақы 12%, зейнетақысы 2014 жылдың 1-сәуіріне дейін тағайындалғандардың зейнетақысын 14% дейін өсіру көзделген.

Ұсынылып отырған шаралар нәтижесінде базалық зейнетақы 10450 теңгеге, еңбек өтіліне қарай төленетін зейнетақы 46 661 теңгеге жетпек.


Сонымен қатар, «1-сәуірден бастап мүгедектер мен асыраушысын айырылғандарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 12 пайызға, 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап 25 пайызға артады. Жалпы алғанда, жәрдемақы 2013 жылмен салыстырғанда 50 пайызға көбейеді.