Мәжіліс баспасөзге жалпы отырыстарда фото- және бейнетүсірілім жасауға рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс баспасөзге жалпы отырыстарда  фото- және бейнетүсірілім жасауға рұқсат берді

Мәжіліс баспасөзге жалпы отырыстарда фото- және бейнетүсірілім жасауға рұқсат берді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Мәжіліс баспасөзге жалпы отырыстарда фото- және бейнетүсірілім жасауға рұқсат берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қыркүйек 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Мәжілістің жалпы отырыстары кезінде бүгіннен бастап баспасөздің жұмыс істеуінің бұрынғы тетіктерін қайта жандандыру қажет деп санаймын» — деп мәлімдеді жалпы отырысты ашқан мәжіліс спикері Аслан Мусин.

«Фототілшілер мен телетүсірушілер залда шектеусіз жұмыс істей алады», — деді ол. Бұл мәлімдемені депутаттар ду қол шапалақтай қарсы алды.

Сондай-ақ, бүгін жалпы отырыс алдында өткен брифингте мәжіліс аппаратының жетекшісі Ерген Дошаевтың хабарлағанындай, «мәжіліс спикері Аслан Мусин парламент палатасының баспасөзбен қарым-қатынасына қатысты мәселені дәйектеп, журналистер үшін өздерінің кәсіби міндеттерін орындауға қажетті қолайлы жағдайлар жасалмағандығына көзін жеткізді».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті