«Конвенция трансұлттық сипаттағы қылмыстардың алдын алу, тексеру және қылмыстық тектеу үшін қолданылады», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
«Конвенцияға қатысушы мемлекет басқа мемлекеттің аумағында, басқа мемлекет органдарының құзырындағы функцияларды жүзеге асыру құқығына ие бола алмайды», — делінген құжатта.
Конвенцияда қатысушы мемлекеттердің құзырлы органдары тарапынан өзара көмек көрсету тәртіптері мен шарттары айқындалады. Құзырлы органдар қылмыстық-құқықтық мәселелерге қатысты ақпараттарды егер олар басқа мемлекеттің қылмыстық істі тексеріп, табысты аяқтауына қажет болған жағдайда алдын-ала сұрау салмай-ақ, өзара алмаса алады.
Конвенция аясында кәсіби мамандарды бірлесіп дайындау, сондай-ақ, өзара техникалық көмек көрсету көзделген.
Конвенция БҰҰ Бас ассамблеясының 2000 жылдың 15 қарашасындағы 55-ші сессиясының резолюциясы негізінде қабылданған, оны 100 мемлекет бекітті.
Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары БҰҰ конвенциясын толықтыратын бірқатар хаттамаларды бекітуді мақұлдады. Атап айтсақ, депутаттар «БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрғақпен, теңізбен және әуемен заңсыз енгізуге қарсы хаттамасын Қазақстан Респуликасының бекітуі туралы» заң жобасын мақұлдады».
Бұл хаттамада мигранттарды заңсыз енгізуге қарсы шаралар мен хаттамаға қатысушы мемлекеттер арасында қылмыстық топтар, адамдарды жасырын тасымалдау әдістері мен құралдары туралы өзара ақпарат алмасу жайы қарастырылған.
Сондай-ақ, депутаттар «Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын адам саудасының, әсіресе әйелдер мен балаларды саудалаудың алдыен алу мен жолын кесу, сондай қылмыс үшін жаза жүктеу жөніндегі хаттаманы бекітуі туралы» заң жобасын мақұлдады.
Бұл хаттаманың мақсаты адам саудасының алдын алу және онымен күрес, құл саудасы құрбандарына көмек көрсету, сондай-ақ, қатысушы мемлекеттер арасындағы осы мақсатқа жетудегі ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.
Мәжіліс сондай-ақ, » БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын қару-жарақты, оның құрамды бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ, олардың оқ-дәрісін заңсыз жасауға қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы» заң жобасын мақұлдады.
«Бұл хаттама қару-жарақты заңсыз жасауға және оның айналымының алдын алу, трансұлттық сипаттағы, ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуымен жасалған қылмыстарды тектеп тексеру үшін қолданылады».
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті