Мәжіліс " Бюджеттік жүйе туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс " Бюджеттік жүйе туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін қабылдады

Мәжіліс " Бюджеттік жүйе туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін қабылдады

Бүгін, 11-маусымда өткен пленарлық отырыста мәжіліс депутаттары " Бюджеттік жүйе туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша сенат пен мәжіліс арасындағы келіспеушілікті жою жөніндегі келісім комиссиясының шешімін қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 11 Маусым 2003
  • 738
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарланғанындай, » Бюджеттік жүйе туралы» заңға енгізілетін түзету ірі өнеркәсіптік және мұнай өндіруші нысандарды жекешелендіруден түсетін қаржыны бюджет тапшылығын толықтыру орнына Мұнай қорына аударуға бағытталған болатын.

Алайда бұл түзетуді талқылау барысында депутаттар заң жобасының үкіметтік нұсқасына өз түзетулерін енгізіп, жергілікті бюджет есебінен тұрғын үйлерді, соның ішінде жеке меншік үйлерді де күрделі жөндеуден өткізуді ұсынған болатын.
Мұндай түзетудің қабылдануына үкімет қарсылық білдірген.
Мәжілістің ұсынысын сенат депутаттары да құптамағандықтан келісім комиссиясы құрылды. Сөйтіп келісім комиссиясы түрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу туралы ұсынысты заң жобасынан алып тастау жөнінде шешім қабылдаған.
4-маусымда өткен мәжілістің пленарлық отырысында халық қалаулылары келісім комиссиясының шешімін мәжіліс депутаттарының басым дауысымен қабылдамай тастаған болатын. Алайда бұл мәселеге бүгін қайта айналып соққан депутаттар қайтадан дауыс беру арқылы келісім комиссиясының шешімін бекітті.
Парламентте бекітілген регламентке сәйкес келісім комиссиясының шешімін сенат депутаттары өз палаталарының пленарлық отырысында құптаған жағдайда
«Бюджеттік жүйе туралы» заңға енгізілетін түзетулер қабылданды деп саналады.

Соңғы жаңалықтар