Мәжіліс депутаттары - Атырауда
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Асхат Бекенов, Еркін Шпанов, Алдан Смайыл, Жалғас Дүйсенғалиев және Алмас Тұртаевтар Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын түсіндіру мақсатымен Атырау облысына барды. |
Бұл туралы Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Мәжіліс депутаттары облыс активімен жүздесіп, Сарыөзек ауданы тұрғындарының көкейкесті мәселелерімен танысты, «Атаба» көкөніс сақтау қоймасында болды. Сондай-ақ, жергілікті ұстаздар қауымымен де кездесу өткізді.
Депутаттардың бағдарламаларында - Құлсары қаласындағы «МеталлПродукт» ЖШС металлқұрастыру заводына, «Атыраусауда» ЖШС құс фабрикасына, 280 орындық «Қызғалдақ» бала бақшасына бару, сонымен бірге аудан белсенділерімен кездесу жоспарланған. Олар «Болашақ» заводында да болмақшы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін