Мәжіліс депутаттары полицейлерге ала таяқты қайтару мәселесін көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары полицейлерге ала таяқты қайтару мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаттары полицейлерге ала таяқты қайтару мәселесін көтерді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен көше қозғалысын реттеуші полицейлерге ала таяқты қайтару жөнінде ҚР Премьер-Министрі Ба

  • 10 Мамыр 2017
  • 313
Фото - Caravan.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен көше қозғалысын реттеуші полицейлерге ала таяқты қайтару жөнінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа арнайы депутаттық сауал жолдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол қозғалысын реттеу барысында полицейлер жезлді немесе қызыл сигналы бар дискіні қолдана алады. ҚР ІІМ-нің мәліметтері бойынша, жезлді қолданбайтын Еуропа елдерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесі зерттелген. Себебі Қазақстан ЭЫДҰ стандарттарын енгізуге мүдделі. Бірақ Еуропа мен біздің жолдар арасында үлкен айырмашылық бар. Бізде жол қиылыстары кең болғандықтан, полицейдің белгілері алыстан көрінбейді», — деді Б Мәкен.

Оның сөзінше, жарығы аз жезлдерді түнде де еш қиындықсыз көруге болады.


Мәжіліс депутатының көлік қозғалысын қолмен реттейтін полицейлерге қатысты Қазнеттегі  түрлі қалжыңдар шығып жатқанын атап өтті.

«Қазақстандық полицейлердің беделін арттырудың орнына, осы тыйыммен біз оларды күлкілі жағдайда қалдырдық. Осы орайда, біздің ойымызша, жезлдерді алып тастау, жол қозғалысын реттеуде тиімділік әкелмейді», — дейді  депутат.

Осыған байланысты, Бақтияр Мәкен жол-патрульдік қызметтің полицейлеріне жезлді қолдану ережелерін қайта қарауды ұсынды.

 

Соңғы жаңалықтар