Мәжіліс депутаттары Қазақстан халқына ант берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары Қазақстан халқына ант берді

Мәжіліс депутаттары Қазақстан халқына ант берді

Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттары Қазақстан халқына ант берді.

  • 25 Наурыз 2016
  • 859
Фото - Caravan.kz

Антты 6-шы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша — 84 депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша — 7 депутаты, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі бойынша — 7 депутаты және, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутаты  берді. "Қазақстан халқына адал қызмет етіп, Қазақстан Республикасы тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын қатаң ұстануға, маған жүктеліп отырған депутат қызметін адал атқаруға ант етемін", — деді ең бірінші болып ант берген Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов.

 Антты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.